Новость
Назарбаев Университетiнде Болон процесiне қатысты халықаралық конференция өтедi
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 ақпанда Астанада Қазақстанның Болон процесіндегі тең төрағалығының шеңберінде «Болон құрылымдық реформалары: тәжірибелер, проблемалар, перспективалар» тақырыбына арналған халықаралық конференция өтеді. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.

Жаһандану әлемінде Болон процесінің қағидаттарын ілгерілету жөніндегі перспективаларды анықтау және өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Назарбаев Университетінде» Еуропалық жоғары білім кеңістігінің халықаралық сарапшылар, академиялық қоғамдастық өкілдері, қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдері бас қосады.
Конференцияның негізгі тақырыбы біліктілік межелерімен, оқыту нәтижелері және жоғары білім сапасын кепілдендіру жүйесімен байланысты.
Айта кету керек, 2010 жылы Қазақстан еуропалық білім кеңістігіне қосылған Орталықазиялық алғашқы мемлекет атанды. Болон құрылымдық реформаларының көбісі Қазақстанның жоғары білім саласындағы басымдықтарымен сәйкес, атап айтқанда, жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігі, ЖОО түлектерінің ұлттық мансап жүйесі, жоғары білімді қаржыландырудағы тиімділік пен нәтижелік, инженерлік және үзіліссіз көптілдік білім жүйесінің дамуы, білім саласындағы әлеуметтік жауапкершілік жүйесінің дамуы сияқты мәселелер.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті мен Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы ұйымдастырып отырған конференция Назарбаев Университетінің Сенат залында сағат 10.00-да басталады.